LUMOS — шетелдік білім мен конкурстық бағдарламаларға премиум деңгейде дайындайтын сарапшылар командасы. Біз жаппай агенттік сияқты емес, сіздің нәтижеңізге жұмыс істейтін стратегиялық серіктес ретінде әрекет етеміз.
LUMOS EDUCATION-ды құра отырып, мақсатымыз тек шетелге оқуға түсуге көмектесу емес, сондай-ақ адам капиталының сапасын арттыруға нақты үлес қосуды таңдадық. Сондықтан біз білімді терең меңгеруге дайын, алған білімін кәсібіне, қоғамына және еліне пайдаға жаратқысы келетін үміткерлермен жұмыс істейміз.
Мықты маман да, берік құндылық та — сапалы білімнен және оған адал көзқарастан басталатынына біз сенеміз.
Біздің миссия — қабілетті әрі ынталы үміткерлерге халықаралық білім алуға жол ашу, жаңа буын мамандарын және көшбасшыларын қалыптастыру, ел болашағын білім, жауапкершілік және кәсібилік арқылы нығайту.
Біз үшін білім — жай ғана жеке қызмет емес, елдің дамуын алға жылжытатын стратегиялық ресурс. Білімді қоғам — сыни ойлайтын, салмақты шешім қабылдайтын және жаһандық ортада тұрақты түрде өсіп-өркендей алатын қоғам.
Миссиямыз және құндылықтарымыз
Әрбір мықты кейс — дұрыс қадамнан басталады
Біз сізге шетелдік білімге апарар жолды жүйелі түрде құруға көмектесеміз
— халықаралық білім беру саласының сарапшылары: халықаралық стипендиялық бағдарламаларда жұмыс істеген мамандар, университет профессорлары, әлемнің түкпір-түкпіріндегі білім беру менторлары және өзі шетелде оқып өткен түлектер.
Біз конкурстық іріктеудің ережелерін де, университеттердің нақты күтілімдерін де білеміз.
LUMOS EDUCATION
Біздің басты қағида: мүмкіндікті селективті бағалау + толық дайын болғанға дейін адал түрде кейсті күшейту. Біз Сізге нақты жолды қалыптастырамыз.
Біздің басқалардан артықшылықтарымыз
Балама нұсқалары бар, шынайы мерзімдерге негізделген стратегия ұсынамыз.
A және B жоспары
Әр клиенттің нақты сұранысы мен мақсаттарына сай жекелей жұмыс жүргіземіз.
Шаблонсыз жұмыс
Біз табысқа жету мүмкіндігі жоғары кейстерді таңдап, және әлі «толық дайын емес» кейстерді нәтижеге дейін дайындаймыз.
Селективті тәсіл
Біз жұмысты қызмет сатудан емес, Сіздің кейсіңізді жан-жақты талдаудан бастаймыз.
Университеттерге өтінім беру және статусты бақылау
Құжаттарды дайындау
CV, мотивациялық хат, ұсыным хат
Стратегия және іріктеу
Plan A және Plan B қалыптастырып, бағдарламаларды таңдаймыз
Менторлар командасы
Tutor, academic mentor және MOCK mentor процесті жүргізеді
Этап 5
Этап 4
Этап 3
Этап 2
Этап 1
Біз сізге сай емеспіз, егер сіз:
Шетелдік білімді тек тренд болғаны үшін таңдасаңыз
Күш салмай, дайын кепілдіктер күтсеңіз
Дедлайндар мен процесс талаптарын сақтауға дайын болмасаңыз
Терең дайындықсыз жылдам шешім іздесеңіз
Біз сізге саймыз, егер сіз:
Жылдам әрі стандартты емес, саналы және стратегиялық тәсілді іздесеңіз
Процеске жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуға дайын болсаңыз
Білімді кездейсоқ мүмкіндік емес, инвестиция деп түсінсеңіз
Дайындық сапасы мен ұзақмерзімді нәтижені бағаласаңыз
Компания басшылығы
Lumos Education компаниясының Бас директоры және теңқұрушысы | Халықаралық мансап және конкурстық бағдарламалар бойынша стратег
Ақбала Жақанова
Ағылшын тілін ойын арқылы үйретуге арналған TheGameUp әдістемесінің авторы.
Халықаралық стипендиялар экожүйесінде , оның ішінде «Болашақ» бағдарламасындағы 8+ жыл жұмыс тәжірибесі бар.
Халықаралық гранттар мен білім беру тректерінің конкурстық іріктеу жүйесінде, соның ішінде, зерттеу тағылымдамалары және үкіметаралық бағдарламалар бағыттарында кәсіби жұмыс өтілімі.
Maqsut Narikbayev University түлегі — Халықаралық құқық магистрі және Аударма ісі бойынша бакалавр.
Сыртқы даму және стратегия жөніндегі директор
Ума Тельман
Hankuk University of Foreign Studies (Communications & Media) және Murdoch University (Media & Communications) түлегі.
Педагогика және шетел тілдері бағытында академиялық базаның иегері. MindArty тіл мектебінің негізін қалаушы. Kazakh Invest ұйымында халықаралық өзара іс-қимыл тәжірибесі бар.
Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі. Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы.
Ішкі даму және академиялық ұтқырлық жөніндегі директор
Аружан Жумагулова
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде және мемлекеттік «Болашақ» стипендиясы экожүйесінде 3+ жылдық тәжірибесі бар. Академиялық ұтқырлық және шетелдік білім беру бағыттары бойынша сараптамаға маманданған.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Халықаралық қатынастар факультеті түлегі.
Оқуға түсу мүмкіндігіңізді қазір бағалаңыз
Форманы толтырып, «Өтінім қалдыру» батырмасын басу арқылы мен Құпиялылық саясатымен келісемін қабылдаймын.