Компания қызметтері
Оқуға түсу мүмкіндігіңізді бағала
Шетелдік білімге апарар жолда кәсіби қолдау көрсету.
Біз өз саласында дамығысы келетін зерттеушілермен, дәрігерлермен, инженерлермен, мемлекеттік қызметкерлермен және кәсіпкерлермен жұмыс істейміз.

Егер мақсатыңыз — халықаралық білім, тағылымдама, академиялық траектория немесе грант болса, біз сізге бағыт құрып, нәтижеге дейін жеткіземіз.
Біздің негізгі фокус — тағылымдамалар, магистратура және докторантура (PhD). Дәл осы бағыттарда талап қатаң, бәсеке жоғары, ал қателіктің құны — жоғалған бір жыл болып табылады.

Сондықтан біз табыс ықтималдығын шын мәнінде арттыруға мән береміз: стратегия, позициялау, мықты құжаттар және процесті басқару.
Бізбен бірге не аласыз
Нақты маршрут: қайда және не үшін барасыз, қандай бағдарламалар сізге сәйкес, қайсысы сәйкес емес екенін түсінесіз
Мықты кейс: комиссиясы мен қабылдаушы тарап алдында сіздің кәсіби құндылығыңызды тиімді таныстыратын, стратегиялық тұрғыда әзірленген құжаттар жиынтығы.
Құжаттар мен мерзімдерді қатаң қадағалау: рәсімдік қателіктерге жол бермейміз.
Нәтижеге дейін қолдау көрсету: диагностикадан бастап шақыру алуға, тапсыру және оқуға қабылдауға дейін қолдау көрсетеміз.
Бұл қызмет кімдерге арналған?
Кейсті диагностикалау — бірнеше ай уақытыңызды үнемдейтін дұрыс бастама. Шетелде білім алуды жоспарлау аясында грант, дербес түсу немесе тағылымдама бағытын дұрыс таңдауды және өз мүмкіндіктерінің нақты әлеуетін бағалауды көздейтін әрбір үміткерге арналған. Бұл — жоспарлаудың алғашқы әрі ең маңызды қадамы.
Біз не істейміз?
  • Профиліңізге кешенді талдау жүргіземіз: біліміңіз, тәжірибеңіз, жетістіктеріңіз, жарияланымдар, жобалар, ұсыныс хаттар
  • Құжаттарды нақты бағдарламалардың талаптарына сәйкестігін тексереміз
  • Бәсекеге қабілеттілікті бағалаймыз: кейсті күшейтетін және әлсірететін факторларды анықтау
  • Тәуекел тұстарды анықтаймыз: формалды сәйкессіздіктер, әлсіз позициялау, логикадағы олқылықтар
  • Тиімді бағдарды ұсынамыз: 1–3 ең шынайы және іске асатын сценарий.
Мүмкіндіктер бойынша негізделген, шынайы қорытынды
Нақты мерзімдері бар қадамдық әрекет жоспары
Кейсті ең жылдам күшейтетін тұстарды түсіну
Қазір тапсыру, дайындықты жалғастыру немесе балама бағдарламаларды қарастыру туралы ұсыным беру
Нәтижесі
Өтінім қалдыру
Кейсті диагностикалау
Cіздің бастапқы нүктеңіз
Бұл қызмет кімдерге арналған?
Шетелдік тағылымдаманы, соның ішінде гранттық негізде жоспарлап отырған мамандарға, зерттеушілерге, дәрігерлерге, инженерлерге және өзге де кәсіби өкілдерге арналған. Тағылымдама — бірегей тәжірибе жинақтап, кәсіби көкжиегіңізді кеңейтіп, халықаралық байланыстарды нығайту мүмкіндігі.
Біз не істейміз?
  • Тағылымдама елі, базасы және тағылымдама бағыты сіздің мақсаттарыңызға сай анықталады
  • Құжаттармен жұмыс стратегиясы. Бағдарлама талаптарына сай кәсіби рәсімдеу және бейімдеу
  • Құжаттар пакетін дайындау. CV, мотивациялық хат, тағылымдама жоспары, ресми хаттар
  • Қолдау көрсету. Шақыру алғанға дейін толық қолдау
Өтінім қалдыру
Тағылымдамалар
Халықаралық тәжірибеге жол
Нәтижесі
Дайын бәсекеге қабілетті кейс, жіберілген өтінімдер, дұрыс құрылған мотивациялық хат және таңдаған тағылымдама бағыты бойынша қабылдаушы тараптан шақыру алу.
Біз не істейміз?
  • Бағыт таңдау. Ел мен бағдарламаны анықтау, талаптарға сәйкестігін тексеру
  • Құжаттар. Үкіметаралық стипендиялар ерекшеліктеріне сай пакет дайындау
  • Бақылау. Дедлайндар мен рәсімдеудің дұрыстығын қадағалау
  • Дайындық. Сұхбат пен комиссияға дайындық (қарастырылған жағдайда)
Өтінім қалдыру
Үкіметаралық стипендиялар
Мемлекетаралық келісімдер аясындағы гранттарға — елдік квоталар мен мамандандырылған бағыттар бойынша өтінім беретін үміткерлерге арналған.
Нәтиже
Рәсімделген, бәсекеге қабілетті өтінім пакеті және іріктеуге толық дайындық.
Біз не істейміз?
  • Университеттерді іріктеу. Профиліңізге сәйкес нақты бағдарламалар
  • Құжаттар стратегиясы. Қытай тарапының талаптарына сай
  • Қолдау көрсету. Барлық кезеңде нәтижеге дейін
Өтінім қалдыру
Қытай: жеке қолдау көрсету
Қытайды білім беру бағыты ретінде таңдаған үміткерлерге арналған жеке стратегия — университет, бағдарлама, грант немесе контракт.
Нәтиже
Жеке бағдар және табысқа апарар жол.
Өтінім қалдыру
Тілдік емтихандарды ұйымдастыру
Біз тілдік тесттерді кәсіби деңгейде тапсыруды ұйымдастырып, техникалық қателіктер тәуекелін азайтып, табысқа жету мүмкіндігін арттырамыз.
Duolingo English Test
Дайындық деңгейіңіз бен техникалық талаптарға сәйкестігіңізді тексереміз, тапсыру процесін чек-лист арқылы жүйелейміз және форматқа сай тиімді тактика ұсынамыз.
TOEFL iBT
Тіркеу, күн мен орталықты таңдау, қажетті құжаттар мен талаптар бойынша чек-лист, деректер мен процедураның дұрыстығын бақылау.
QazaqResmi test
Талаптар мен құрылым бойынша кеңес беру, тіркеу және ережелерге сай тапсыруды ұйымдастыру, дайындық бойынша ұсыныстар.
Докторантура дәрежесі
Тағылымдама
Ғылыми тағылымдама
Магистратура дәрежесі
Бакалавриат дәрежесі
Оқуға түсу мүмкіндігіңізді қазір бағалаңыз
Форманы толтырып, «Өтінім қалдыру» батырмасын басу арқылы мен Құпиялылық саясатымен келісемін қабылдаймын.