Анықтама
Тағылымдама (internship) — жұмыс істеп жүрген мамандарға арналған біліктілікті арттырудың кәсіби бағдарламасы. Бағдарлама сараптамалық деңгейіңізді тереңдетуге және жетекші шетелдік ұйымдарда халықаралық практикалық тәжірибе алуға бағытталған.

Қатысу үшін үміткердің жоғары білімі болуы және таңдаған мамандығы бойынша расталған кәсіби жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
Негізгі артықшылықтары
Кәсіби ортада нақты жұмыс тәжірибесі (бірнеше аптадан бір жылға дейін)
Мансаптық гипотезаларды тексеру: индустрияны/лауазымды шешім қабылдамас бұрын сынап көру
CV-ді күшейту: беделді компаниялар немесе халықаралық ұйымдардағы тағылымдама резюмені айтарлықтай арттырады
Нетворкинг: кәсіби мамандармен, менторлармен және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс
  • Кімдерге арналған
    • халықаралық компанияда жұмыс істеп көргісі келетін жас мамандарға
    • магистратура немесе докторантура алдында CV-ін күшейткісі келетіндерге
    • заманауи технологияларды енгізіп, салалық сараптамасын күшейтуді мақсат ететін инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен мамандары және жасанды интеллект саласының сарапшылары үшін;
    • халықаралық білім беру тәжірибелерін зерттеуге қызығушылық танытатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері үшін;
    • озық клиникалық тәсілдерді меңгеріп, денсаулық сақтау саласындағы заманауи басқару модельдерін игергісі келетін медицина қызметкерлері үшін;
    • мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және халықаралық тәжірибені енгізуге бағытталған мемлекеттік қызметшілер үшін;
    • кәсіби стандарттарды дамытуға және халықаралық медиа тәжірибелерді үйренуге ұмтылатын бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері үшін;
    • саланы жаңғыртуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі мәдениет, туризм және спорт саласының мамандары үшін;
    • құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге және әділет саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеуге бағытталған судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері үшін.
  • Жасы
    Көбіне 30 жастан асқан кәсіби мамандар тағылымдамадан өтеді. Әсіресе мансаптық ауысу бағдарламалары аясында тәжірибелі мамандарға қолжетімді.
Қашан бастау керек
Дайындықты қалаған басталу уақытынан 3–6 ай бұрын бастаған тиімді (әсіресе ірі компаниялардағы бәсекелі бағдарламалары үшін).
Егер резюме мен кәсіби тәжірибеңіз дайын болса, дайындықтың ең қысқа мерзімі — 1–2 ай.
Тағылымдамаға түсу жолын қалай құрамыз?
Позициялау және стратегия
Lumos-та біз тағылымдаманы «қай жерге қабылдайды» қағидасымен емес, мансапқа нақты пайда әкелетін мүмкіндік ретінде таңдаймыз: қажет индустриядағы тәжірибе, дағдыларды күшейту, нетворкинг және болашаққа жол ашатын CV-дегі мықты жол.

Біздің стратегия — компанияға деген қызығушылық, релевантты дағдылар және даму мотивациясы айқын көрінетін бәсекеге қабілетті өтінім құру.
Біз туралы толығырақ
Нәтиже
Нәтижесінде Сіз:
  • қай тағылымдамалар сәйкес келетінін нақты түсінесіз
  • мақсатты бағдарламалар тізімі мен дедлайн күнтізбесін
  • тағылымдамаға бейімделген мықты CV және cover letter
  • сұхбатқа дайындық пен сенімділікті
  • алғашқы өтінімнен оффер алғанға дейінгі стратегияны аласыз
Керемет компанияда тәжірибе жинағыңыз келеді, бірақ жүздеген кандидаттың арасынан қалай ерекшеленуді білмейсіз бе?
Консультацияға жазылыңыз — мықты резюме дайындап, сұхбатқа дайындалып, өзіңізге лайық тағылымдаманы табуға көмектесеміз.
Оқуға түсу мүмкіндігіңізді қазір бағалаңыз
Форманы толтырып, «Өтінім қалдыру» батырмасын басу арқылы мен Құпиялылық саясатымен келісемін қабылдаймын.