Позициялау және стратегия
Lumos-та біз «Болашақ» — бұл тек тегін білім алу емес, сонымен қатар Қазақстанға оралып, 3–5 жыл еңбек ету міндеттемесі бар маңызды мансаптық әрі өмірлік шешім екенін түсінеміз.
Біз кандидаттарға “ең беделді университетті” емес, Қазақстандағы болашақ мансаптары үшін ең пайдалы бағдарламаны таңдауға көмектесеміз. Бұл дегеніміз: бағдарлама бойынша басым мамандықтарды түсіну, нақты қабылдану мүмкіндіктерін бағалау, тілдік талаптар мен санаттарды (жалпы, жеңілдікті, квоталық) ескеру.
Біздің стратегия — тілді дайындаудан бастап unconditional offer алуға және конкурстың барлық кезеңдерінен сәтті өтуге дейінгі нақты кезең-кезеңімен жоспар құру.
Біз құжаттарды комиссия сіздің мотивацияңызды, әлеуетіңізді және елге жаңа біліммен оралып, экономикаға нақты үлес қосуға дайын екеніңізді көретіндей етіп дайындауға көмектесеміз.
Егер қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасына түсу мүмкіндігіңіз төмен болса (IELTS/TOEFL баллы жеткіліксіз, мамандық басым бағытта емес, тағылымдама үшін жұмыс тәжірибесі жоқ) — бұл туралы бірден айтып, балама жолдарды ұсынамыз.
Біз туралы толығырақ