DEUTSCHER AKADEMISCHER AUSTAUSCHDIENST (DAAD)
Оқуға түсу мүмкіндігіңді бағала
Анықтамасы
DAAD — Германияның академиялық алмасу қызметі. Ол Германияда магистратура және докторантура деңгейінде оқуға арналған стипендияларды ұсынады. Бағдарлама Германия Үкіметі тарапынан қаржыландырылады және оқу ақысын (көптеген мемлекеттік университеттерде тегін), тұру шығындарын толық немесе ішінара өтеп, ай сайын €992–1400 көлемінде шәкіртақы төлейді. Бағдарлама дамушы елдерде, әсіресе даму бағытындағы мамандықтар бойынша,соның ішінде Қазақстаннан келетін студенттерге басымдық береді.
Негізгі артықшылықтары
Ай сайынғы шәкіртақы: €992–1400 — магистратураға €992, PhD үшін €1300–1400 (2026 жылғы ақпаннан бастап); тұрмыс пен жеке шығындарды жабады
Оқу іс жүзінде тегін — Германиядағы мемлекеттік университеттердің басым бөлігі оқу ақысын алмайды (ерекше жағдай: Баден-Вюртемберг жері шетелдіктер үшін €1500/семестр)
Медициналық сақтандыру және жол шығындары — DAAD денсаулық сақтандыруын, барып-қайту билеттерін және оқу/жобаға байланысты study allowance төлемін қамтиды
Тіл курстары бағдарлама есебінен — қажет болса, оқу басталғанға дейін 6 айға дейін неміс тілін оқу мүмкіндігі бар
Германияның топ университеттеріне қолжетімділік — TU Munich, Heidelberg, RWTH Aachen, Humboldt Berlin, LMU Munich
Дамушы елдерге фокус — Қазақстан басым елдер тізімінде, әсіресе EPOS (development-related courses) бағдарламалары бойынша
Елге міндетті қайту талабы жоқ — Fulbright немесе «Болашақтан» айырмашылығы, DAAD міндетті түрде елге оралу шартын қоймайды (бірақ алған білімді ел дамуына қолдану күтіледі)
Бағдарламалар таңдауы кең — жалпы Master’s Study Scholarships-тан бастап, мамандандырылған EPOS, STEM, PhD Research Grants бағыттарына дейін
  • Кімдерге арналған
    • Бакалавр дипломы немесе магистр дәрежесі бар дамушы елдердің азаматтары үшін
    • Кемінде 2 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін — EPOS (Development-Related Postgraduate Courses) бағдарламасы үшін міндетті талап
    • Академиялық көрсеткіштері жоғары түлектер үшін (орташа балл — үздік үштіктің ішінде, шамамен 5.0-ден 3.5+ немесе 70%+)
    • Өз елінің дамуына үлес қосуға ниетті үміткерлер үшін — DAAD алған білімін елінде қолдануды жоспарлайтын кандидаттарды іздейді
    • STEM, инженерия, ауыл шаруашылығы, қоғамдық денсаулық сақтау, экология саласындағы мамандар үшін — бұл бағыттар басымдыққа ие
    • Ағылшын немесе неміс тілінде оқуға дайын үміткерлер үшін — екі тілде де бағдарламалар қолжетімді
    • Нақты зерттеу жобасы бар PhD үміткерлері үшін
  • Жас ерекшелігі
    DAAD бағдарламасында қатаң жас шектеуі жоқ, алайда маңызды талап: өтінім беру сәтінде сіздің соңғы дипломыңызға 6 жылдан аспауы тиіс.

    Әдеттегі үміткерлер:
    • Магистратура: 23–30 жас (жақында бакалавриатты бітірген, + кемінде 2 жыл тәжірибесі бар)
    • PhD: 26–35 жас (магистратура түлектері, жұмыс тәжірибесі немесе зерттеу тәжірибесі бар)
Қашан бастау керек
Дайындықты дедлайнға дейін 12–18 ай бұрын бастаған жөн.
Бұл уақыт ішінде:
  • DAAD бағдарламалары тізімінен бағытты таңдау 
  • Кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесін жинақтау (EPOS үшін — міндетті талап)
  • Тілдік емтиханға дайындалып, тапсыру. Ағылшын тілі үшін: IELTS 6.5+ / TOEFL 90+, неміс тілі үшін: TestDaF / DSH
  • Университеттермен байланысып, шақырту алу (әсіресе PhD үшін маңызды)
  • Сенімді motivation letter және PhD үшін research proposal дайындау
Егер сізде төмендегілер бар болса, дайындықтың ең қысқа мерзімі — 6–9 ай:
  • 2+ жыл жұмыс тәжірибесі (EPOS үшін)
  • Қажетті баллмен тілдік сертификат
  • Күшті академиялық профиль (орташа балл — үздік үштіктің ішінде)
  • Ғылыми жетекшімен байланыс (PhD үшін)
Маңызды:
DAAD бағдарламасының дедлайндары бағдарлама түріне байланысты әртүрлі болады:

• Магистратура және PhD — көбіне қыркүйек пен желтоқсан аралығында
• Тағылымдамалар мен зерттеу гранттары — қазан мен қаңтар аралығында

Нәтижелері әдетте бағдарламаның басталуына 3–6 ай қалғанда жарияланады.
Қолдау көрсетуде не кіреді / Біз сіздің жолыңызды қалай құрамыз
Позициялау және стратегия
Lumos-та біз DAAD бағдарламасын Еуропадағы ең теңгерімді стипендиялардың бірі ретінде қарастырамыз: бәсекелестік деңгейі Erasmus Mundus-пен салыстырғанда төмен, бірақ талаптары CSC бағдарламасына қарағанда жоғары.

DAAD әсіресе жұмыс тәжірибесі бар және білімін тереңдетіп, Қазақстанға жаңа құзыреттермен оралып, нақты мәселелерді шешуді көздейтін мамандар үшін тиімді. EPOS (Development-Related Postgraduate Courses) бағдарламасы мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология сияқты Қазақстан үшін маңызды бағыттардағы кәсіби мамандарға арналған.

Біздің стратегия — бағдарламаны дұрыс таңдау және сенімді мотивация қалыптастыру. DAAD тек мықты студенттерді емес, неміс білімі өз еліндегі нақты мәселелерді шешуге қалай көмектесетінін түсінетін көшбасшыларды іздейді. Сондықтан сіздің Motivation Letter тек “Германияда оқығым келеді” деген жалпы ниетті емес, нақты жоспарды көрсетуі тиіс: Қазақстандағы өз салаңызда қандай мәселені көресіз, неміс тәжірибесі оны шешуге қалай көмектеседі және елге оралғаннан кейін не істеуді жоспарлайсыз.

Егер сізде 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі болса (EPOS үшін), GPA 3.0–3.5-тен төмен болса немесе Германияда оқу мақсатыңыз нақты болмаса — бұл туралы бірден айтамыз. DAAD — бәсекелі бағдарлама, бірақ дұрыс дайындық пен мықты мотивация болған жағдайда, әсіресе Қазақстан үшін басым бағыттарда мүмкіндіктеріңіз жоғары.

Маңызды: DAAD Fulbright немесе «Болашақ» сияқты елге міндетті түрде оралу талабын қоймайды. Дегенмен, бағдарлама алған білімді өз еліңіздің дамуына қолдануды күтеді. Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз — Германияда қалып, елге оралмау болса, бұл DAAD мотивациясына сәйкес келмейді.
Біз туралы толығырақ
Нәтиже
Нәтижесінде сіз:
  • Қай DAAD бағдарламасына сәйкес келетініңіз туралы нақты түсінік — EPOS, Study Scholarships, Research Grants немесе STEM
  • 1–3 мақсатты курстан тұратын тізім және мүмкіндіктеріңізге реалисті баға
  • Мотивацияңыз бен кәсіби жоспарыңызды көрсететін сенімді Motivation Letter (1–2 бет)
  • PhD үшін зерттеу жобасының нақты сипаттамасы бар Research Proposal (3–5 бет)
  • Оқытушылар мен жұмыс берушілерден алынған, сіздің әлеуетіңізді дәлелдейтін мықты ұсыным хаттар.
  • Тәжірибе мен жетістіктерге басымдық берілген еуропалық форматтағы (Europass) кәсіби CV
  • DAAD порталында барлық талаптар мен дедлайндарды сақтай отырып, дұрыс тапсырылған өтінім
2+ жыл жұмыс тәжірибеңіз бар және Германияда толық қаржыландырумен оқығыңыз келе ме?
Консультацияға жазылыңыз — профиліңізді бағалап, қай DAAD бағдарламасына сәйкес келетініңізді анықтап, дайындық жоспарын құрамыз.
Денсаулық сақтау, экология, ауыл шаруашылығы немесе мемлекеттік басқару саласында жұмыс істейсіз бе және Қазақстандағы мәселелерді шешу үшін біліміңізді тереңдеткіңіз келе ме?
DAAD EPOS — дәл сізге арналған бағдарлама. Қазірден дайындықты бастаңыз — дедлайндар әдетте қазан–қараша айларында аяқталады.
Германияда қаржыландырумен PhD жасағыңыз келеді, бірақ неден бастарыңызды білмейсіз бе?
Диагностикаға келіңіз — зерттеу жобаңызды қалыптастыруға, неміс университетінен ғылыми жетекші табуға және DAAD Research Grant үшін мықты өтінім дайындауға көмектесеміз.
Оқуға түсу мүмкіндігіңізді қазір бағалаңыз
Форманы толтырып, «Өтінім қалдыру» батырмасын басу арқылы мен Құпиялылық саясатымен келісемін және Пайдалану шарттарын қабылдаймын.