Позициялау және стратегия
Lumos-та біз Fulbright бағдарламасын жай ғана оқу стипендиясы емес, сіздің мансабыңызға және Қазақстанның дамуына жасалатын ұзақмерзімді инвестиция ретінде қарастырамыз.
Бағдарлама тек мықты студенттерді емес, көшбасшыларды — АҚШ-та алған білімін Қазақстанға оралып, өз саласында оң өзгерістер енгізу үшін қолдана алатын үміткерлерді іздейді. Сондықтан өтінім тек академиялық жетістіктерді ғана емес, сонымен қатар американдық магистратурада алған біліміңізді Қазақстандағы кәсіби салаңызды дамытуға қалай пайдаланатыныңыз туралы нақты көзқарасты көрсетуі тиіс.
Біздің стратегия — сіздің бірегей тәжірибеңіз бен тарихыңызға негізделеді. Біз тек “құжат жинауға” көмектеспейміз, өтінімнің әрбір элементі (жұмыс тәжірибесі, бағдарлама таңдауы, эсселер, ұсыным хаттар) бір мақсатқа жұмыс істейтін тұтас әрі жүйелі өтінім қалыптастыруға көмектесеміз: комиссияға сіздің инвестиция салуға лайық үміткер екеніңізді дәлелдеу.
Біз үміткермен ашық жұмыс істейміз: егер сізде 2 жылдан аз жұмыс тәжірибесі болса, TOEFL нәтижесі төмен болса немесе АҚШ-та оқудың мақсаты нақты айқындалмаған болса — бұл стипендияға тапсыру қиындығын түсіндіріп береміз. Fulbright — өте бәсекелі бағдарлама (ел бойынша санаулы ғана грант бөлінеді), және әлсіз өтінімдер іріктеуден өтпейді. Мұндай жағдайда біз профильді күшейту жолдарын (тәжірибе жинақтау, тіл деңгейін арттыру) ұсынамыз немесе сіздің мүмкіндіктеріңіз жоғары болатын баламалы стипендияларды қарастырамыз.
Маңызды: Fulbright бағдарламасы магистратурадан кейін Қазақстанға кемінде 2 жылға оралу міндеттемесін жүктейді (J-1 визасы). Егер сіз оқу аяқталғаннан кейін АҚШ-та қалуды немесе басқа елге бірден көшуді жоспарласаңыз — бұл бағдарлама сізге сәйкес келмеуі мүмкін.
Біз туралы толығырақ